Четверг, 02.05.2024, 05:46
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Билер, шешендер

Ақжол би
09.05.2013, 19:47
  Ақжол би, Дайырқожа (туған жылы белгісіз - шамамен 1459 жылы қаза болған) - Әбілхайыр хан кезіндегі атақты би. Дешті Қыпшақтың әйгілі ақындарының бірі Қотанның баласы. Өз аты - Дайырқожа, барлық мәселелерді әділ шешкені үшін Ақжол би атанған. Ауыз әдебиеті деректері бойынша Ақжол би мен Қобыланды батыр арасында дау-жанжал туып, Қобыланды Ақжол биді өлтірген. Бұған наразы болған Қотан бастаған арғындар Ақ Орда ханы Әбілхайырдан бөлініп, Жетісуға көшеді. Кейбір зерттеулер бойынша, Керей мен Жәнібек сұлтандардың қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға кетуіне осы оқиға себеп болған. Қотан бидің баласы Ақжол биге айтқан жоқтауы («Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, қүлыным!») әдеби мұра болып бүгінге дейін жеткен.
Категория: Билер, шешендер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 1251 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: