Четверг, 02.05.2024, 12:36
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Оқымыстылар, ағартушылар

Қодан тайшы
09.05.2013, 19:30


Қодан тайшы, Қотан, Қотанбай - би, ақын, Қазақ хандығының құрылуының куәсі болған тарихи түлға. XIV ғасырдың 70-жылдары туып, XV ғасырдың 60-жыл-дары шамасында қайтыс болған. Арғын тайпасының ақындары оны өздерінің түп атасы деп санайды. Бұқар жырау: "Бәрімізді сүрасаң, Қотанбайдың баласы, арғындардың сабасы. Қарақожа бас болып, қабыл да болған дуасы”, Көтеш ақын: "Біздердің түп атамыз ақын Қотан, өзгеден өлеңге үстін болса керек” деп жырлаған. Шежіре бойынша, Қотанның баласы Дайырқожаны (Ақжол би) Қобыланды батыр өлтіргенде (шамамен 1459 жылы) ар-ғындар Көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдан бөлініп, Жетісуға көшкен. Қотан биден қалған әдеби мұра -баласына арнаған жоқтауы. Қотан би туралы түрлі деректер Шоқан Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп, Шәкерім, Г.Н. Потанин, т.б. шежірешілер мен зерттеушілер еңбектерінде кездеседі.


Категория: Оқымыстылар, ағартушылар | Добавил: Zhantik
Просмотров: 2244 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: