Четверг, 02.05.2024, 05:04
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Батырлар - ел қорғаны

Қобыланды батыр
09.05.2013, 19:43


  Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды -аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне "Қарақыпшақ Қобыланды” деп атайды. Сондайақ, Қобыландының ірі қолбасшы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады. Қобыланды батыр туралы дерек көзі қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі -"Қобыланды батыр”. "Қобыланды батыр” жырының 29 нұсқасы белгілі. Ең көлемдісі - Марабай нұсқасы. Бұл қаһармандық жыр көркем шығарма болғанымен, онда тарихи негіз бар. Ондағы жер-су және кісі аттары осыны айғақтайды. Ерлік жыры, тарихи деректер, шежіре көздері Қобыланды батырдың хас батыр болғанын дәлелдейді. Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақ-жол биді) өлтіреді. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет - Қазақ хандығының пайда болуына алып келеді. Қобыланды батыр Маңғыт (Ноғай) ордасындағы саяси оқиғаларға да белсене араласқан. Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан. Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейіті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында.

Категория: Батырлар - ел қорғаны | Добавил: Zhantik
Просмотров: 2041 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: