Четверг, 02.05.2024, 07:40
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Сахара сазгерлері

Әбілхайыр хандығы ( Көшпелі өзбектер мемлекеті )
09.05.2013, 18:51

Әбілхайыр хандығы, Көшпелі өзбектер мемлекеті - орта ғасырлардағы қыпшақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы 1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді. Дешті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы ұрпақтары арасындағы өзара соғыстарға байланысты Шайбани әулетінің саяси басымдыққа қол жеткізуі нәтижесінде құрылған. 1428 жылы Ақ Орда ханы Барақтың өлімінен соң Әбілхайыр хан таққа отырды. Әбілхайыр хандығы батысындағы Жайықтан шығысындағы Балқашқа дейінгі, оңтүстігіндегі Арал мен Сырдарияның төменгі ағысынан солтүстігіндегі Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі аумақты алып жатты. Хандыңтың астанасы алғашында Батыс Сібірдегі Тура (Тара, Чим-ги Тура) болып, кейін, 1446 жылы, Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді. Әбілхайыр хандығы құрамында қоңырат, маңғыт, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлұқ, таңғұт, ұиғыр, таимас, бүркіт, қият, кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында қыпшақтар, ойраттар, мажарлар да қызмет еткен. Әбілхайыр хандығында аталық (көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмир-и шикар, жасауыл, михман-да-руға, худай, мубашир, басқақ сияқты лауазым иелері маңызды рөл атқарды. Хандық ңұрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Өзкент, тағы басқа қалаларда қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылығы дамыды. 1457 - 1459 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлінуі Әбілхайыр хандығының ыдырауына әкеліп соқтырды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін мемлекет жеке ұлыстарға, иеліктерге ыдырап кетті.

Категория: Сахара сазгерлері | Добавил: Zhantik
Просмотров: 3366 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: