Четверг, 02.05.2024, 11:07
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Сахара сазгерлері

Өзтемір жорығы
09.05.2013, 18:57


Өзтемір жорығы - ойраттардың Әбілхайыр хандығына қарсы Өзтемір тайшы бастаған тонаушылық жорығы. 1457 жылы үйымдастырылды. XV ғасырдың 20-30 жылдары Іле және Ыстықкөлге дейін шапқыншылықтар жасап тұрған ойраттар 50-ші жылдары Сырдария өңіріне жетеді. Ойраттар Іле өзеніне келген соң қызметшілері мен арбаларын қалдырып, әскері Әбілхайыр хандығының астанасы - Сығанаққа аттанады. Көккесене деген жерде (Сырдария бойында) Әбілхайыр хан мен Өзтемір тайшы әскерлерінің арасында ауыр шайқас өтеді. Шайқаста Әбілхайыр хан жеңіліске ұшырап, шегінеді де, Сығанақ қамалына тығылуға мәжбүр болады. Бұдан кейін қарсылық кездестірмеген ойрат әскері Түркістан, Ташкент аймақтарын тонаушылыққа ұшыратып, көптеген түтқындарды құлшылыққа әкетеді. Өзтемір тайшы қайтарында Әбілхайырмен келісім-шарт жасасады. Бүл Әбілхайыр үшін қорлық бітім еді. Күйрей жеңілген Әбілхайыр Түркістанның талан-таражға салынған қалаларын тастап, Дешті Қыпшаққа кетуге мәжбүр болады (Сыр бойына 1460 жылдары ғана оралады). Бұл жеңілістен кейін Әбілхайыр өзінің ұлыстарында қатал тәртіп орнатуға кіріседі.


Категория: Сахара сазгерлері | Добавил: Zhantik
Просмотров: 991 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: