Воскресенье, 19.05.2024, 09:56
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Киіз үй

В разделе материалов: 99
Показано материалов: 61-90
Страницы: « 1 2 3 4 »


Босаға - маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.


Табалдырық - екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш.


Маңдайша - екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.


Киіз есік - сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.


Сықырлауық - киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.


Азат көз - керегенің көктелмеген жерлері. 


Көз - керегенің тор көздері (тор көз, жел көз).


Ыру - уық пен керегеге салынған оюлы сызықтар.


Сағанақ, балашық - ағаштардың қысқасы.


Ерісі - ағаштардың кереге құрайтын ұзыны. 


Желі - керегені құрайтын ағаштар.


Қанат - жиналған кереге.


Кереге - үй іргесі мен шеңберін құрай негізгі бөлік.


Уық бау - уықты керегеге байлайтын жіп 


Алақаны - уықтың кереге басына бекітілетін басы.


Иіні - уықтың иілген (бүгілген) тұсы.


Қары - уықтың иініне дейінгі бойы.


Қаламы - уықтың шаңырақ қаламдығына сұғылатын ұшы.


Уық - шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.


қаламдық - уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.


Кепілдік (кепіл агаш) - күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш,


күлдіреуіш - түндікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек,


тоғын - шаңырақтың дөңгелек шеңбері, 


Шаңырақ - үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады:


Арқан-баулары немесе бау-шулары - құр, арқан, бау, жіптен тұратын бөліктері.


Киіздері - киізден тұратын бөлшектері. 


Үй сүйектері - үйдің ағаштан тұратын бөлшектері.


Үй құрамы - үй сүйектері, киіздері және арқан баулары.


Күрке, қос - ауылда ас сактайтын. далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.


Жолым үй, абылайша. жаппа - уакытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.