Главная » Статьи » Киіз үй » Киіз үй бөліктері |
В категории материалов: 53 Показано материалов: 1-30 |
Страницы: 1 2 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Бас арқан -
үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін
берік арқан.
Белдеу -
жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын
арқан.
Жабық -
туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Бақан -
шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.
Күйеу қазық -
үй сыртында жел арқан байланатын қазық.
Жел арқан -
дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
Кереге қап -
сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
Керегені аяғы -
керегенің жерге тірелген жағы.
Керегенің басы -
керегенің жоғарғы жағы.
Тастама -
киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.
Есікбау -
киіз есіктің бауы.
Аяқбау -
уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы.
Балақбау -
көшкенде уықтарды қосып байлайтын баулар.
Желбау -
сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін
оған салмақ байланады.
Басқұр -
кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ
оюлы құр.
Таңғыш құр -
үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
Шым ши -
ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.
Ақ ши - кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан
орай тартылатын тоқыма ши.
Ши - киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
Түндік бау - түндікті белдеуге байлайтын бау.
Түндік - шаңырақ үстінен жабылатын төрт- бұрышты киіз.
Дөдеге (үзікті үй) - үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған
әшекейлі киіз.
Үзік - ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық
бөлігі.
Туырлық — ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін
жабатын киіз.
Бақалақ - сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын
айналмалы ағаш тиек.
Босаға - маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге
бекітілетін ағаш.
Табалдырық - екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш.
Маңдайша - екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Киіз есік - сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.
Сықырлауық - киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.