| Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер |
Абайдың жұмбағы
| 04.08.2013, 09:35 | |
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - Деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық, - деп жауап береді. Абай риза болады.Тағы бірде үйіне Төлтай, Ошыбай деген кісілер келгенде Абай: - Қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті? - Деп сұрайды.Ошыбай: - Құрттың ақ малтасына қосып жеген қанттан тәтті бар дейсіз бе? - Дей бастағанда, Төлтай құрдасы Ошы байға кейіп: - Әй, сен оттама! Қатты деген жоқшылық, тәтті деген жан емес пе? - Депті. Абай мырс етіп күліп: - Жарайсың, Төлтай! - Депті.
| |
| Просмотров: 1311 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 | |
| Всего комментариев: 0 | |