Пятница, 19.04.2024, 13:26
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

В категории материалов: 34
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады.
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 1418 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)


Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.
Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 1799 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)


Бір бай әйел ертеде, ханшадай ғұмыр кешеді,
Қызметшілер жүгіріп, асты-үстіне түседі,
Азық толы қоймалар, бейқамсыз күндер өтеді,
Сараңдықта алайда, шырқау шыңға жетеді.
Кедей келсе жолатпай, қуып, тұра сөгеді,
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 2379 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)


Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып:
- Бірдеңе керек пе еді - деп сұрайды. Комиссар:
- Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық,-деп жауап береді.
Әлгі кісі шамалы тұрып, «Қане ішке кіріңіздер!» Деп шетке шегінеді. Бәрі бірге ішке кіреді. Кісі алдын полициялармен, кейін жас жігітпен қол алысып:
- Келгендерің қандай жақсы болды. Бұл жігітпен танысқым келіп жүрген еді, - дейді.
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 1953 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)


Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір диқанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған:
- Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұл ағаш еккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп жатырсыз ғой - дейді. Диқан былай деп жауап береді:
- Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы ағаштардың жемістерін жейді.
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 1898 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)

    Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда, аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні жетіпті......
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 887 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)

    Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - Деп сұрапты.Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді......
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 2079 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)

    Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? арзан не, қымбат не? - Деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,.....
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 1212 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)

    Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келіпті. Басына киген қызыл елтірінің жүнін сыртына қаратып, пұшпағынан байлап қойыпты. Абай оның басына қараса, Қиясбай:
- Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма кигенім ненің терісі, тапшы?.....
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 1427 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)

    Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - Деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа.....
Аңыз әңгімелер | Просмотров: 921 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 04.08.2013 | Комментарии (0)