Четверг, 02.05.2024, 08:37
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

Айды аспанға бір шығардым
04.08.2013, 09:34
Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - Деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып:
- Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! - Депті.
Категория: Аңыз әңгімелер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 926 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: