Четверг, 02.05.2024, 02:42
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

Данышпан диқан
04.08.2013, 09:42
Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір диқанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған:
- Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұл ағаш еккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп жатырсыз ғой - дейді. Диқан былай деп жауап береді:
- Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы ағаштардың жемістерін жейді.
Бұл жауап патшаға ұнап, «Бәрекелді» дейді. Сол дәуірлерде патшаның бәрекелді деп айтқан адамдарына бір әмиян алтын беру әдет болған екен. Патша диқанға бір әмиян алтын бергізеді. Бұл әдетті ұнатқан диқан:
- Патшам, қараңыз ағаш қазірден бастап жемісін беріп жатыр, - дейді.
Бұл жауап та патшаға ұнап, тағы да «Бәрекелді» дейді. Екінші әмиянды да алған диқан мүмкіншілікті жібермеуге тырысып, бұл жолы:
- Патшам, бұл ағаш неткен берекелі ағаш, басқа ағаштар жылына бір рет өнім берсе, бұл ағаш екі рет жеміс берді, - дейді.
Бұл жауап та патшаға қатты ұнап, тағы да «Бәрекелді!» Дейді. Сонымен үшінші әмиян алтынды алады.
Патшаның жанындағы уәзірі, бұл жерде тұрған сайын қаншама алтынның кетіп жатқанын байқап, дереу патшаны бір сылтаулармен ол жерден алып кетеді.
Категория: Аңыз әңгімелер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 1901 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: