Четверг, 02.05.2024, 02:35
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

Тасқа айналған нан
04.08.2013, 09:46
Бір бай әйел ертеде, ханшадай ғұмыр кешеді,
Қызметшілер жүгіріп, асты-үстіне түседі,
Азық толы қоймалар, бейқамсыз күндер өтеді,
Сараңдықта алайда, шырқау шыңға жетеді.
Кедей келсе жолатпай, қуып, тұра сөгеді,
Жесір, жетім ешкімге жанашырлық етпеді.
 
Жыртық жамаулы жаман, көрші үйде қираған,
Бір отбасы тұрады, іші уайым тулаған,
Аштық, сырқат бой алған, напақаға зар болған,
Үш балалы бір әйел тұрып жатыр қыстаған.
Суықпенен аштықта балаларға күш берер,
Табылса екен дейді ана, тым болмаса қатқан нан.
 
Мұңлы даусы елжіреп, көз жасымен еңіреп,
Шарасыз ана жалынып, келді байға ентелеп:
«Мейіріңе сиынып, келдім медет берер деп,
Бүлдіршіндер аш еді, қалжыратты сырқат, дерт,
Бір нан беріп қарызға, біз пақырға рақым ет,
Осы жақсылығың үшін, Хақ разылығына жет. »
 
Бай әйелдің сол сәтте, жанарынан қар жауып,
«Ешқандай нан жоқ менде,» деді теріс айналып,
«Өтірік болса айтқаным, бар нандарым тас болсын,
Көздеріме жас толсын, »деп қарады алайып.
 
Кедей ана күйініп, көзіне жас үйіліп,
Еңсе кетті салбырап, қайтты үйіне түңіліп.
Бай әйелде мәз-мәйрам, жан-жағы бүтін, тәмам,
Көрмеген машақат хәм, күнде той, сауық-сайран.
 
Қызметшісін шақыртып, дастарханды жаздырды,
Азықтарын асырып, сәулетті ас астырды,
«Майлы наннан қызарған, қойыңдар» деп бақырды.
Нанға кеткен қызметші, таңданыстан ах ұрды ...
Ойбайлаған қызметші: «бізді қарғыс атыпты,
Үйде нанның барлығы, тасқа айналып қатыпты ... »
 
Ашуланған бай әйел, деді қарап: «Ақымақ!
Демек ашық қалған ғой, қатып қалған тас ұқсап,
Тез бар наубайханаға, ыстық нан ал жақсырақ. »
Үрейленген қызметші тұра жүрді абдырап,
Зыр жүгіріп тездетіп, бай бұрығын орындап,
Дереу үйге асықты, ыстық нанды сатып ап.
 
Нанды күткен бай әйел, кіріп келе қызметші
Беті жабық себетті өзі ашуға кірісті ...
Ашқанында көргені, өз көзіне сенбеді,
Себеттегі нан емес, нан пішінді тас еді ...
 
Таңданған сараң әйел, шыңғырып бар даусымен,
Қолына алып тас нанды, танып қалды есінен ...
Сәлден соң жиды есін, өкінді шын пейілмен.
«Аллаһым кешір мені, шындықты көрдім енді,
Тура жолдан адасып, мал-мүлікке табынып,
Сараңдыққа салынып, кеткен екем азғырып.
Ниғметке шүкір етпедім, жамандыққа беттедім,
Келген кедей көршіме, өтірік нан жоқ дедім,
Көздеріме жас толды, ыстық наным тас болды,
Тәубе еттім мың мәрте, басымды иіп сәждеге,
Нем бар болса, мал, ақша, бердім жарлы, кедейге ...
 
Дұғасы қабыл болды, әйел жомарт құл болды,
Көңілі нұр ішінде, болды салиха пенде ..
 
Ей адамзат, болмағайсың тасжүрек!
Мұқтаждарға қол ұшын созу керек.
Басымызға келер міндетті түрде,
Өлім, мизан, есеп және ахірет ...
Категория: Аңыз әңгімелер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 2384 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: