Пятница, 17.05.2024, 06:05
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

Алғысөз
04.08.2013, 09:20
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Балақ жүні ұзында,
Атақты бір бай бопты.
Төрт түлігі сай бопты.
Көңілі баста жай бопты.
Бір перзентке зар бопты,
Бара-бара баласыз
Кең дүние тар бопты.
Деп басталатын ежелгі ертектердің құлақ күйінде барлық байлық, дүн-дүниесі сайлық, алдамшы көңіл айлық түптің-түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендігін бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылыққа алған іргелі егмен еліміз, мұрагерлер мүддесін үнемі назарда ұстаумен келеді. Әлем балалар әдебиетінің 50 томдық асыл қазынасын қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алу да соның бір айқын айғағы. Олардың ішінде балалар туындысын барлыққа келтірудің шыңдалған шын шебері атақты Чех жазушысы В.Немцованың С.Омаров аударған «Алтын» және «Күміс» кітаптары, Айтулы ағылшын жазушылары Л.Кэрроллдың Т.Молдағалиев аударған «Алисаның таңғажайыптар еліне саяхаты», А.Милинның Е. Өтетілеуов аударған «Винни Пуһ және бәрі, бәрі ...», Белгілі орыс жазушысы А.Толстойдың «Буратинасы», Неміс жазушысы Р.Роспенің «Барон Минхаузині», ағылшын жазушысы Р.Киплингтің «Мауглиі» сияқты әлем балалар әдебиетінің інжу - маржандары бірінен бірі өтіп жалғаса береді. Еліміздің ежелден келе жатқан салихалы салтында өзгелердің өнер көрсетуін, яғни қонақ кәде жасауын сұрардың алдында, үй иесі өзі аздап
болса да өз өнерінің шет жағасын алға тартып, қонақтарына құрмет жасайды. Бұны ауылдың алты ауызы дейді. Осы салт-дәстүрімізге сай әлем балалар әдебиеті керуенін өзіміздің қазақ ертегілерінің таңдаулы бір томдығымен бастауды жөн көрдік. Бұл ертектерді іріктеу барысында қазақ ертегілерінің үлкенді-кішілі, арғы-бергі барлық басылымдарын, жеке кітаптарын, томдарын салыстыра саралай қарап шықтык. Тіпті шетелдерде тұратын қазақ қандастарымыздың өз ішінен жинап, араб және басқа әріптерде бастырған дүниелерін де сүзіп көрдік. Сөйтіп солардың тәлімдік-тәрбиелік, көркемдік дәрежелері жоғарыларын ғана іріктеп алып, әлем балалар әдебиетінің алтын қорына сенімді түрде қуана қосуға болатындарын қолдарыңыздағы осы бір томдыққа жүйелеп топтастырып отырмыз. Дәстүрлі «Аңыз», «Тұрмыс-салт», «Қиял - ғажайып», «Хайуанаттар туралы» делінетін төрт бөлімді сақтай отырып, тарихи ежелгілігіне, өмірлік маңыздылығына, заманауи зәрулігіне қарай жіктеп орналастырдық. Мәселен: Осы томдықтағы «Аңыз ертегілер» атты алғашқы бөлімдегі «Қорқыт ата» аңыз ертегіні біз беташар туынды етіп алдық.Байырғылығы, мән-мағынасы бәрі-бәрі жағынан да осылай етуге әбден тұрарлық. Ал ол ертегі «Жалын» баспасынан жарық көрген «Өлген қазан» атты ертегі кітапта 237-бетте «Қорқыт пен Асан» деген қосарлы атпен жүр. Енді басқа бір басылымда «Қорқыт туралы аңыз» деген тақырыпта да кездесті. «Аңыз» атауы арнайы бөлімнің аты ретінде айтылып тұрғандықтан, енді бірінші ертектің атына тіркеп қайталап айтуды орынсыз көрдік. Сонымен бірге бір ертек пен екінші дербес бір ертекті қосарлау да жөнсіз. «Қорқыт атаны» дара, «Асан қайғыны» өз алдына жеке аңыз етіп алып, әрі қарай «Жиренше шешен», «Алдар көсе», «Аяз би», «Қожанасыр" деп әр қайсысын бір-бір дара шың, толымды тұлға ретінде қатар топтастырғанымызда бой түзеп бірін-бірі толықтыра түсті. Сөйтіп төрт бөлімнің әр қайсысында да, сол сияқты «Қиял - ғажайып ертегілері» бөлімінде де ақылға сыйымды табиғи сұрыптаулар болды. «Күн астындағы Күнікей қызды» бәріміз білеміз. Оның «Ай астындағы Айбарша сұлу» дейтін құрбысы бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейді екенбіз. Егер бәріміз білсек «Жазушы» баспасынан 1988 жылы жарық көрген көп томдық ертегілердің 2-томында біріншісі 5-бетте, екіншісі 236-бетте адасып жүрер ме еді. Міне осы сияқты ертегілер Ай мен күндей, әмбеге бірдей, Аққу-қаздай, жұбын жазбай, сән түзеп қатар орналасты. Бала кезімізде әке-аналарымыздан, әже-аталарымыздан - естіп өскен, есейіп өзіміз балаларымызға, немерелерімізге айтқан «Алып қара құс - Самұрық», «Ұшқыш кілем», «Мыстан кемпір», «Тау соғар», «Көл та-
усар »деген сияқты әйгілі ертегілер болушы еді. Аудара-төңкере қарастырған кітаптарымыздан ескі таныстарымызды кездестіре алмай дал болып жүрсек, қадағалай оқу барысында байқадық, кейбіреулерінің аты орынсыз өзгертіліпті. Мәселен: «Мыстан кемпір» 2-55-томның бетінде «Ұшар ханның баласы» деген тақырыпта көмескілеу болып елеусіз жүр. Өз атын қайтаруымызға тура келді. Сол сияқты «Алып қара құс - Самұрық та» өз орнын тапты. «Хайуанаттар туралы ертегілердің де» кейбіреулерінің аттары ықшамдалды. «Жануарлардың жыл басына таласуы», «Түйе бойына сенемін деп жылдан құры қалыпты» деп ертектің мазмұнын алдын ала айтып қоятын әр түрлі, шұбалаңқы атпен жүрген бір ертекті «Жыл басы» деген қысқа да нұсқа, сырын ішіне бүккен жұмбақтау атпен ауыстырдық. «Бұл не деген батпан құйрық, жол үстінде жатқан құйрық» деген ертекке де «Батпан құйрық» деген ат бердік. Бұл аттар, әрине, аспаннан алынған жоқ. Ай-күннің аманында, ел ішінде осылай аталатын. Қазақ ертегілерін міне осылай мұқият оқып таңдауда әсіресе тәрбиелік жағына баса көңіл бөлгенімізді баса айтқымыз келеді. Аумалы-төкпелі, шытырман-шырғалаңы көп мына заманда адалдық, мейірімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілерге көбірек орын берілді. Шіркіндер, шетінен түрлі-түсті, қызықты мөлтек фильмдерге, кысқа
метражды фильмдерге сұранып-ақ тұр. Түсірушісі, демеушісі табылса небір әлемдік ертегі кейіпкерлер «мен мұндалап» дүниені жалт қаратар еді. Тек балаларға ғана емес, бала кездерін еске түсіріп, қайталап
оқыса бұл томдықтың ересектерге де берері мол. Қадыр Мырза Әли Оразақын Асқар
Категория: Аңыз әңгімелер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 884 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: