Пятница, 17.05.2024, 05:41
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

Есегіме ұқсайды екенсіз
04.08.2013, 09:29
Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
- Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.
- Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.
- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - Дейді хан.
- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя
беріпті. Сонда Қожанасыр:
Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді.
Категория: Аңыз әңгімелер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 597 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: