| Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер |
Қожанасырдың май сатып алуы
| 04.08.2013, 09:26 | |
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп: - Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді. Сол жерде сатушы: - Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп: - Қалғанын мына жағына құй! - Деп, кесесінің түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып: - Майды мұнша неге аз алдың? - Деп сұрағанда, Қожа: - Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады. Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.
| |
| Просмотров: 1104 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 | |
| Всего комментариев: 0 | |