Пятница, 17.05.2024, 08:23
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер

Қожанасырдың тойға баруы
04.08.2013, 09:23
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - Деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - Деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - Дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - Деп, жауап береді.
Категория: Аңыз әңгімелер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 1416 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: