Главная » Файлы » Аңыз әңгімелер |
"Өлген" қазан
04.08.2013, 09:25 | |
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жа- ман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш », - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - Деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - Деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - Деп, жауап береді.
| |
Просмотров: 682 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |